19:14, 13 Тамыз 2021 | GMT +5
Бақтияр Артаев бокстан бапкерлер мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев бокстан бапкерлер мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде ғаламтор желісінде Олимпиададан кейін Қазақстанның бокс құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевқа қатысты сын айтылып жатқаны туралы, сондай-ақ оның отставкасы жайында сұрақ қойылды.
Өз кезегінде Бақтияр Артаев бұл сауалға жақын арада жауап берілетінін айтты.
«Бұл сұраққа біздің жауаптарымыз дайын. Шамалы күтсеңіздер, оған нақты жауап береміз, яғни бір аптаның көлемінде шамалы уақыт беріңіздер», - деді Б. Артаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы бокстан бапкерлер мәселесі қаралатынын айтты.
Сонымен қатар Бақтияр Артаев Олимпидадағы боксшылардың өнеріне баға берді.