Бақтияр Артаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда жүрген бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев отандастарын бейнежазба арқылы Конституция күнімен құттықтады.
None
None

«Құрметті Отандастар! Конституция мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мерекеден мерекеге дейін аман-есен жете берейік» дейді өз құттықтауында Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев.

Айта кетейік, Афина Олимпиадасында Бақтияр Артаев Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медаль сыйлаған еді. Боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Артаев қазір Лондонда оқып жүр.

Соңғы жаңалықтар