Бақтияр Қрықпышев «Қазақмыс корпорацияс» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бақтияр Қрықпышевтың жаңа қызметтегі негізгі міндеті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндірістік қызметінің стратегиясын айқындау болмақ.

Басқарма төрағасы Эдуард Огай енді Б. Қрықпышевтың әкімшілік және функционалдық басшысы болады. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін Қазақмыс корпорациясының Тау-кен өңдеуші кешенінің Бас директоры қызметін атқарып келген Бақтияр Қрықпышев 1 желтоқсаннан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры болып тағайындалған. Бұл лауазым өндірістік бөлімшелерді басқаруды және басшылардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған жаңадан бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес енгізіліп отыр. Оның негізгі міндеттері - өндірістің техникалық, экологиялық және ресурстарды үнемдеу стандарттары мен оларды іске асырудың механизмдерін, сондай-ақ компаниядағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына бақылау жасаудың күшейтілуін қарастыратын өндірістік қызмет стратегиясын айқындау болып табылады.

Қарағанды облысының Қарсақпай кентінде металлургтердің отбасында дүниеге келген Бақтияр Қрықпышев 1996 жылы Жезқазғандағы Тау-кен технологиялық институтын тәмамдап, еңбек жолын Қазақмыс корпорациясының Солтүстік Жезқазған кенішінде бастаған еді. Ол 17 жыл ішінде компанияда мансаптық өсудің барлық сатысынан өтті. Басқарушылық және өндірістік жетістіктері үшін осы уақытқа дейін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар