«Баку-2015»: Бірінші Еуропалық ойындардың ашылу салтанатына билеттің 60 пайызы сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде 12-28 маусым аралығында өтетін бірінші Еуропа ойындарының билеттері сатылып жатыр.

«Баку-2015»: Бірінші Еуропалық ойындардың ашылу салтанатына билеттің 60 пайызы сатылды

«Баку-2015» Еуропа ойындарының операциялық комитетінен хабарлағандай, бұл спорттық жарыстардың 150 мың билеті сатылған.

Сондай-ақ ашылу салтанатына арналған билеттің 60 пайызы сатылыпты. Жалпы бірінші Еуропа ойындарына 600 мың билет саудаға қойылды. Билеттерді сату жалғасып жатыр. Ойынға қызығушылық танытқандардың қатары қалың, деп хабарлады АзерТАдж.