09:03, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Баку Ислам мәдениетінің астанасы деп жарияланды
БАКУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - 2007 жылы қарашаның 21-23-інде Триполиде өткен ИСЕСКО елдері мәдениет министрлерінің бесінші конференциясының қорытындысында қабылданған шешім бойынша ақпанның 18-19-ында Әзірбайжан елордасында «Баку – Ислам мәдениетінің астанасы -2009» жылының ашылу салтанаты өтеді.

Бұл туралы Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Зохра Әлиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. З.Әлиева ханымның айтуынша, аталмыш шараға ислам және еуропа елдерінің мәдениет министрлері шақырылып отыр.