Баку қаласында Каспий аймағындағы ең ірі көрме - BakuTel - 2011 өтіп жатыр

БАКУ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Бүгін Баку Экспо орталығында Каспий және Кавказ аймақтарындағы BakuTel-2011 атты ең ірі телекоммуникациялық көрме ашылды.
None
None

Биыл жыл сайынғы BakuTel көрмесін өткізу Әзірбайжан байланысының мерейтойын тойлаумен қатар келді. 130 жыл бұрын ағайынды Нобельдер Бакуда алғашқы телефондық желісін өткізген еді, сол уақыттан бері Әзірбайжан байланыс индустриясының тарихын жүргізіп келеді. BakuTel аясында Әзірбайжандағы байланыстың айрықша мерейтойына өте тығыз іскерлік бағдарлама, түрлі шараларды өткізу орайластырылған.

Көрмеге әлемнің 29 елінен келген 250 компания қатысуда. Жергілікті ІТ компаниялар, мобильдік операторлар, дистрибьюторлар, байланыс операторлары, қызмет көрсету компаниялары көрменің 40 %-нан астамын алды. Дәстүрлі түрде BakuTel көрмесінің үнемі қатысушылары болып табылатын ІТ технологиялардың әлемдік нарығының ірі ойыншылары келді.

BakuTel 2011 экспозициясында бірнеше негізгі бағыттарды атап өтуге болады: телекоммуникация, ғаламтор, бағдарламалық қамту және спутниктік байланыс. Одан басқа, төрт күннің ішінде көрермендер назарына кең байланыс және технологиялар, кабель мен сымсыз байланыс, телерадио хабар таратудың жабдықтары мен технологиялары, ІТ және кеңсе технологиялары, қауіпсіздік жүйелері, банк технологиялары мен қызмет көрсетулері, ғарыш өндірісі үшін жабдықтар мен қызмет көрсетулерін ұсынады. Бұл арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дерлік барлық сегменттерін қамтып, көрме жергілікті салалық нарықтың мүмкіндіктері мен шетелдік серіктестермен ынтымақтастығының келешегін кеңейтеді.

Биылғы жылы көрме Баку Экспо орталығының екі павильоны мен ашық алаңын алып отыр және сол арқылы BakuTel-2011 2010 жылмен салыстырғанда екі есе артық өсуін көрсетіп отыр.

Көрменің бас демеушісі - Microsoft корпорациясы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар