«Баку оттары» өз алаңында «Астана арландарын» сүріндірді
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - «Астана арландары» сырт алаңда «Баку оттарымен» кездесу өткізіп, жеңіліп қалды - 1:4.
52 келіде Лондон олимпиадасына қатысушы Ілияс Сүлейменов Эльвин Мамишзададан ұтылса (1:2), 60 келіде команда капитаны Самат Башенов, Альберт Селимовке есе жіберді - 0:3.
69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Евгений Рамашкевичке шамасы жетпеді - 1:2
91 келіде Руслан Мырсатаев Хаджи Муртузалиевтен ұтылып қалды. Тек Эхсан Рузбахани өз қарсыласы Самир Магомедовті таза ұтты, деп хабарлайды «Аламан».