Баку соты Turan ақпарат агенттігінің басшысын қамауға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакудың Ясамал аудандық соты Turan ақпарат агенттігінің директоры Мехман Алиевті үш айға қамауға алды. Бұл туралы агенттіктің өзі хабарлады.
None
None

Алиев бейсенбі күні салық төлеуден жалтару, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікті деп танылып, қамауға алынды.  Бұған қоса, оған заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылуда.  

Агенттік мәліметінше, Алиевті жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Өткен аптада Алиев Франс-пресс агенттігіне ел билігі кәсіпорын шоттарын бұғаттап тастағанын және оны қамауға алуы мүмкіндігін мәлім еткен болатын.

Бұған дейін Әзербайжан салық министрлігінің өкілдері агенттікке тінту жүргізіп, 2014 жылдан бергі қаржылық құжаттарын алып кеткен. Халықаралық журналистерді қорғау комитеті Turan-ның Әзербайжандағы жалғыз тәуелсіз ақапарат агенттігі екендігін айтып, билікті оның қызметкерлеріне қысым көрсетуін тоқтатуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар