Баку Транскаспийлік көлік маршруты бойынша алғашқы пойызды қабылдады

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша Баку халықаралық теңіз сауда портына Қытайдан алғашқы контейнерлік пойыз келді.
None
None

Әзербайжанға контейнерлердің келуі 2013 жылғы қазанда құрылған Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетінің күшінің арқасында мүмкін болды. 82 контейнерден, 41 платформадан тұратын пойыз қытайлық Шихэцзы провинциясынан 28 шілдеде шыққан.

Ол 4 мың шақырымды еңсерді, сондай-ақ транзитпен қазақстандық Ақтау порты арқылы да өтті.

Соңғы жаңалықтар