Баку тұрғындары «Формула-1» Гран-приі кезінде өз балкондарын арендаға бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азербайжан астанасының тұрғындары автожарыс бойынша әлем чемпионаты кезеңінің «Формула-1» Еуропа Гран-приі өткізілуі кезінде өз пәтерлерінің балкондарын арендаға беретін болады.

Баку тұрғындары «Формула-1» Гран-приі кезінде өз балкондарын арендаға бермек

Бұл туралы ANS интернет-порталы хабарлады.

Еуропа Гран-приі алғаш рет Баку көшелерінде 17- 19 маусым аралығында болады.

Тұрғындар автожарыс өтетін трассаларға қараған беттегі пәтерлері мен балкондарын жанкүйерлерге тапсырмақ ниетте. Олардың кейбіреулерінің бағасы 500 фунтқа дейін көтеріліп отыр.

Балкон иелері арендаға алушыларды жеңіл тамақпен және алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етулері тиіс.

Бұл тәжірибе ірі халықаралық жарыстар өтетін Франция, Германия, Бразилия және Испания тәрізді елдерде бұрыннан қолданылады.