Бакуде алғашқы қазақстандық референдумда дауыс берді

БАКУ. ҚазАқпарат – Бакуде республикалық референдумда алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 07:06-да Қазақстан азаматы Арас Мамедов дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None
None

А.Мамедов Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс берді.

18 жасқа толған ҚР азаматтары өз дауысын жергілікті уақытпен таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін аталған учаскеде бере алады.

Әзербайжанда қазіргі таңда мыңдаған қазақстандық тұрып жатыр, олардың 400-ге жуығы тұрақты тіркелген.


Соңғы жаңалықтар