Бакуде «AutoShow-2009» көрмесі өтті
БАКУ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Жексенбі күні Бакуде Гейдар Әлиев атындағы спорттық-концерт кешенінде ITE Group Plc компаниясының эксклюзивтің серіктесі - Iteca Caspian Ltd . компаниясының ұйымдастыруымен «AutoShow-2009» VI Әзірбайжан халықаралық автокөлік көрмесінің жабылу рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Iteca Caspian Ltd., компаниясының президенті Фарид Мамедовтің айтуынша, биылғы AutoShow көрмесінің ауқымы, былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып отыр, бұл автоалпауыттардың да қызметіне әсер етіп отырған әлемдік қаржы дағдарысымен байланысты, олардың көпшілігі шығынға ұшырап, жарнама және PR шығыстарын қысқартуға мәжбүр болған жайы бар. «Дағдарысқа байланысты Грузия, Өзбекстан және Қазақстан елдері мұндай көрме өткізуді кейінге қалдырып отыр. Ал Әзірбайжан олай еткен жоқ. Бұл мақсатта өте үлкен жұмыстар атқарылды және мүмкіндікті пайдалана отырып «AutoShow-2009» көрмесін өткізуге көмектескен еліміздің мемлекеттік құрылымдарына алғысымды білдіргім келеді», - деді Ф.Мамедов көрменің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.Биылғы жылы көрмеге әлемнің 15 елінің, оның ішінде Ресей, Германия, Жапония, Түркия, Иран, Қытай, Беларусь және т.б. елдерден 50 шақты жетекші компания қатысты.