Бакуде әйел полицейлер жағалауды күзетуге кірісті

Қала тұрғындары жағажай күзеткен әйел полицейлерді алғаш рет көріп тұр. Таңғы сағат 9-дан кешкі 10-ға дейін формадағы ханымдар бұйрық бойынша бекітілген аймақты бақылайды. Полиция қызметкерлерінің этикалық мінез-құлық кодексін, нұсқаулықтарды үлгілі түрде орындау және мұқият болу - олардың басты міндеті.
«Біздің міндетіміз - қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда адамдарға көмек көрсету. Осы қызметте халыққа көмектесе алатыныма өте қуаныштымын», - дейді полиция сержанты Айнұр Әлиева.
«Демалыс күндері қала тұрғындары мен туристер негізінен жағалауда жиналатынын ескеріп, патрульдік қызметке әйел адамдарды қойдық. Егер азаматшалар заңға қайшы әрекет жасаса немесе оларға көмек қажет болса, олармен әйел полицейлер айналысуы керек деп санаймыз», дейді полиция подполковнигі Анар Гусейнов.
Әйел полицейлердің қылмыскерлерге шамалары келмесе, кезеші бөлімге хабарласып, көмек шақырады.
Жалпы Әзербайжанның Ішкі істер министрлігінде 3 мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Олардың қатарында жедел-ізкесушілер, тергеушілер, ішкі әскер қызметкерлері бар.