Бакуде Әзербайжандағы Қазақстан елшісі дауыс берді
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев Бакуде партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
ӘР-дағы ҚР елшісі Б. Исабаев Әзербайжандағы Қазақстанның елшілігі ғимаратында ұйымдастырылған №212 сайлау учаскесінде өзінің азаматтық борышын орындады.
Еске салсақ, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де Әзербайжандағы ҚР елшілігінің (Наджафгулу Рафиев көшесі, 14-үйде орналасқан) жаңа ғимаратында №212 сайлау учаскесі ашылды.
Дауыс беру Баку уақыты бойынша 20.00-ге дейін жалғасады.