Бакуде бокстан әлем чемпионаты өтеді
БАКУ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Дүйсенбі, 31 қаңтар күні Әзірбайжанның Бокс федерациясы мен Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) Баку қаласында бокстан 16-әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қойды.
AIBA президенті Чинг-Куо Ву мәлім еткендей, осы сайыста 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялары ойнатылады. Оның айтуынша, Бакуде өтетін бокстан әлем чемпионатына жер шарының 100-ден астам елінен спортшылар келеді.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, әлем чемпионаты Әзірбайжан астанасында 2011 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында өтеді.