Бакуде болжам бойынша қазақстандық компанияға тиесілі кемеде жарылыс болды, қаза тапқандар бар
БАКУ. 17 ақпан. ҚазАқпарат - 16 ақпанда Бакудің Хатаинск ауданының Зыхс жағасында «PTS-225» балық кемесінде жарылыс болды.
Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, ТЖМ-нің өртке қарсы мемлекеттік қызметінің қызметкерлері кемедегі өртті қысқа уақытта толығымен ауыздықтады.
Сондай-ақ алдын ала жасалған болжам бойынша, жарылыс болған кеме қазақстандық «Сара» компаниясына тиесілі. Бұл туралы журналистерге Әзірбайжан мемлекеттік теңіз әкімшілігінен хабарлады.
Факті бойынша ӘР ҚК-нің 162.2 бабына (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.