Бакуде бүгін Әзірбайжан-Қазақстан парламентаралық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық бойынша отырысы өтеді

БАКУ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде экономикалық ынтымақтастық бойынша Әзірбайжан-Қазақстан парламентаралық комиссиясы өз жұмысын бастайды.

Бакуде бүгін Әзірбайжан-Қазақстан парламентаралық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық бойынша отырысы өтеді

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев бастап барады.

Шара барысында парламентаралық комиссиясының тең төрағасы, Әзірбайжан Республикасының энергетика министрі Н.Алиевпен, ӘР экономика және өнеркәсіп министрінің орынбасары С.Гасановпен және ӘР мемлекеттік мұнай компаниясы басшысымен екіжақты кездесулер өткізілмек.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.