Бакуде ЕҚЫҰ ПА жаңа президенті сайланды
БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде өтіп жатқан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы 23-жазғы сессиясының соңғы күнінде құрылымның жаңа президенті сайланды.
Дауыс беру нәтижесінде бұл лауазымға Финляндия делегациясының жетекшісі Илкка Канерва сайланды.
И.Канерва өзіне сенім көрсетілгені үшін алғысын білдірді және болашақта оны ақтайтынын айтты.