Бакуде Еуроойындар туралы фильм түсірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның еңбегі сіңірген өнер қайраткерлері - танымал кинорежиссер Зия Шахлинский мен оператор Юрий Варновский Бакудегі бірінші Еуропалық ойындарға арналған «Түнгі дауыстар» қысқа метражды фильмін түсіруге кірісті, деп хабарлайды Trend.

Бакуде Еуроойындар туралы фильм түсірілуде

«Түсірудің бірінші күнінде біз болашақ фильмнің таңертеңгілік финалдық кадрларын түсірдік. Негізгі түнгі түсірілімдерді қыркүйек айының екінші жартысында жалғастыру жоспарланып отыр», - деді Зия Шахлинский.

Фильмнің сюжеті: журналист-қыз репортаж жасау үшін Бакуге бірінші Еуропалық ойындардың аяқталуына келеді.