Бакуде Еуропа ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азербайжан елінде Еуропа ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр. Бакудегі Олимпиадалық стадионда өтіп жатқан бұл шараға 2 мыңнан астам адам қатысуда.

Бакуде Еуропа ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр (ФОТО)

Еске сала кетсек, Азербайжан Ойындар өткізуге жалғыз үміткер болды. Оны ұйымдастыруға ауқымды қаржы жаратылды.

Жарыстарда Еуропаның 50 елінен келген 6 мың спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Би-би-си.