Бакуде «Евровидения-2012» байқауының алғашқы жартылай финалы аяқталды
БАКУ. 23 мамыр. ҚазАқпарат -Кеше түнге қарай Бакудегі өтіп жатқан «Евровидение-2012» ән-байқауының бірінші жартылай финалының қорытындысы шығарылды.
Ақтық мәреге Румынияның өкілдері - Mandinga тобы, Молдовадан - Павел Парфений, Исландиядан - Gréta Salóme & Jónsi дуэті, Венгриядан - Compact Disco тобы, Даниядан - Солуна Самай, Албаниядан - Рона Нишлиу, Кипр мемлекетінен - Иви Адаму, Грекия елінен - Элефтерия Элефтериу, Росейден - «Бурановские бабушки» және Ирландиядан - ағайынды егіз Джон және Эдвард Граймз өтті.
Ақтық мәреде бақ сынасатын тағы да 10 қатысушы ертең, 24 мамырда белгілі болады.
Айта кетейік, ақтық мәре 26 мамырда өтеді.