Бакуде гүлдер фестивалі өтіп жатыр

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Бакуде гүлдер фестивалі өтіп жатыр. Биылғы мерекелік фестиваль Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Алиевтің 90 жылдығына орайластырылып отыр.

Бакуде гүлдер фестивалі өтіп жатыр

Ел астанасының көшелері мен алаңдары әсем гүлдермен безендірілді. Гүлдерден ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері, Г.Алиевтің бейнесі жасалған.

Сондай-ақ меймандар сан-алуан оюлармен өрнектелген гүлден жасалған кілемдерді тамашалай алады.