Бакуде гүлдер мерекесі өтті (ФОТО)

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның көшбасшысы Гейдар Алиевтің 92 жасқа толуына байланысты 10 мамырда Бакуде Г. Алиев атындағы Сарайдың алдындағы саябақта гүлдер мерекесі өтті.

Бакуде гүлдер мерекесі өтті (ФОТО)

Гүлдер мерекесіне президент Ильхам Алиев, оның жұбайы Мехрибан Алиева мен отбасы мүшелері қатысты.

Саябақтың барлық аумағы әдемі оюлар, өсімдіктер, жапырақтары бар гүл кілемдерімен безендірілген. Әр алуан гүлдермен құстардың, ертегі кейіпкерлерінің бейнесі бейнеленген. Олар көркемдігімен ерекшеленіп, шексіз сұлулықты паш етіп, әр адамға көтеріңкі көңіл сыйлады.

Әзербайжанда 92 жылдығын атап өтіп жатқан жалпұлттық көшбасшы Гейдар Алиевтің ескерткіші орнатылған тұғыр да гүлмен безендірілді.