Бакуде Гүлдер мерекесі тойлануда - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзірбайжан елінің жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 91 жасқа толу құрметіне орай Бакуде көшбасшысының аты берілген Сарай алдындағы бақта Гүлдер мерекесі аталып өтілуде, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Ел астанасының көшелері мен алаңдары әсем гүлдермен безендірілді. Гүлдерден ертегі кейіпкерлерінің түрлі бейнелері жасалған.