Бакуде Халықаралық мұнай-газ көрмесі ашылды

БАКУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы спорттық-концерт кешенінде «Каспийдің мұнай-газы, мұнай өңдеу және мұнай химиясы» 16-шы халықаралық көрмесінің ресми ашылуы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әзірбайжанның Өнеркәсіп және энергетика министрлігі мен Мемлекеттік мұнай компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара ел Президенті Ильхам Әлиевтің қамқорлығымен өтуде. Көрмені британдық «ITE Group PLC» компаниясы Әзірбайжанның Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Биылғы көрмеге әлемнің 22 елінен 300 компания қатысуда. Көрме экспозицияларының 40 пайыздан астамын шараның тұрақты қатысушылары болып табылатын әлемге танымал компаниялар алып отыр. Олардың қатарында «British Petroleum», «StatoilHydro ASA», «Itochu», «OMV Gas International GmbH», «Total» және басқа компаниялар бар. Көрмеге Қазақстанның мұнай-газ саласының өкілдері қатысқан жоқ.
Соңғы жаңалықтар