12:37, 09 Мамыр 2011 | GMT +5
Бакуде хиджаб киюді жақтаушыларды қуып тарқатты
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Мектептерде хиджаб киюге тыйым салуға қарсы топ Бакуде Әзірбайжан білім министрлігі ғимаратының қасында наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Contact.az.

Рұқсат етiлмеген акцияға қатысушылар «Хиджабқа бостандық берілсін» және «Аллаху акбар» деп ұрандатып, білім министрі Мисир Мардановтың отставкаға кетуін талап етті.
Полиция қолшоқпар қолданып акцияға қатысушыларды қуып тарқатпақ болды, дегенмен қатысушылар кете қоймады, қайта полицейлерге тас лақтыруды бастады. Акцияны күшпен басудың салдарынан қатысушылардың бірі есінен танып, ондаған адам аяусыз таяққа жығылып, ұсталды. Әзірбайжан БАҚ дерегі бойынша, полиция журналистерге болған оқиғаны түсіруге тыйым салып, репортерлерді соққыға жықты.