Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакудің Олимпиада стадионында І Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан жастар және спорт министрі Азад Рагимов айтты деп хабарлады Trend.

Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады

«Мұражайға негізінен І Еуропа ойындарының ашылу салтанаты кезінде пайдаланылған бұйымдар мен киімдер қойылатын болады», деді министр.

Музей І Еуропа ойындары аяқатлған соң бірден ашылмақ. Жалпы, Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы - олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі - олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын.