Бакуде қазақстандық дипломаттар Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты (ФОТО)
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің ұжымы отбасыларымен бірге елші Бейбіт Исабаевтың басшылығымен Жеңістің 71 жылдығына орай өткізілген шараға, сондай-ақ жыл сайынғы дәстүрлі бауырластар қорымына гүл шоқтарын қою шарасына қатысты.
Іс-шара Жауынгерлер даңқы мемориалында өтті.
Салтанатты шараға Әзербайжанда аккредиттелген ТМД елдерінің елшілері, қоғам өкілдері, парламент депутаттары және соғыс ардагерлері қатысты.
Соғыс жылдары қиыншылыққа қарамастан әзербайжандық мұнайшылар жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп майданды жанармаймен қамтамасыз етіп тұрды. Әзербайжан госпитальдерінде 1,5 млн-нан астам жаралы адамды емделді.
Салтанатты шараға Әзербайжанның Президенті Ильхам Әлиев те қатысты. Мемлекет басшысы екі мәрте Кеңес одағының батыры, генерал-майор Әзи Аслановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. И.Әлиев Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және жиналған қауыммен кездесті.