Бакуде кеңестік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға күштеп қоныс аударылған әзербайжандықтар туралы фильмнің премьерасы болды

Фильмді Джафар Джаббарлы атындағы «Әзербайжанфильм» киностудиясы «Stüdyo-19» компаниясымен бірлесіп түсірді. Фильмнің режиссері және авторы Әзербайжанның халық әртісі Огтай Миргасымов.
Кештің ашылуында Әзербайжан мәдениет және туризм министрінің орынбасары Севда Мамедалиева, Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің кеңесшісі Мақсат Нұрмағамбетов және картина авторы Огтай Миргасымов сөз сөйледі.
«Әзербайжандықтар қазақ халқының жанының кеңдігі мен қонақжайлығын жоғары бағалайды. Сондықтан да әзербайжандықтар қазақ жерінде өзінің ұлттық дәстүрлері, салттары мен ғұрыптарын паш еткен туған ошағын түтетті. Әзербайжан халқының қиын жылдарда бауырына басқан қазақ халқына алғысы шексіз, олар болашаққа үміт отын жақты, өздерімен тең санап, жарты нанды бөліп жеді, тұрмыстарын оңалтуға көмектесті. Әзербайжандар қазақ жерінде өзінің екінші Отанын тапты», - деп атап өтті С.Мам едалиева.
М.Нұрмағамбетовтің айтуынша, фильмнің жасалуы бауырлас екі халық арасындағы мәдениет көпірін одан әрі жолға қоюда - өте маңызды іс.
Огтай Миргасымов кеңестік қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанға күштеп қоныс аударылған әзербайжандықтар жөнінде баяндайтын фильммен жұмыс жөнінде, қазақтармен және басқа да ұлттар өкілдерімен бірге қоян-қолтық өмір сүре отырып, болашаққа үмітін үзбей, адамгершілік болмысын жоғалтпаған осынау адамдардың қиын тағдыры туралы әңгімеледі. Фильмге мұрағаттар құжаттары, куәгерлердің естеліктері пайдаланылды.