Бакуде Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы ресми ашылады

БАКУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Ресей Президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкиннің бүгін Әзірбайжанға екі күндік жұмыс сапары басталады.
None
None
С.Нарышкин сапар барысында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Баку филиалының ресми ашылу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Естеріңізге сала кетейік, оқу жоспары Мәскеу мемлекеттік университетінің оқу жоспарына негізделген филиал өз жұмысын 2008-2009 оқу жылында бастаған болатын. Филиалдың профессорлар-оқытушылар құрамының өзегі Мәскеу университетінің педагогтарынан тұрады. Қазіргі уақытта Бакуде филология, химия және қолданбалы математика факультеті ашылған. Әр факультетте 25 студенттен білім алуда.
Соңғы жаңалықтар