Бакуде өрт салдарынан 50 дүкен жанып кетті

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Баку базарында болған өрт салдарынан 1 мың шаршы метрдей аумақтағы 50 шақты дүкен жанып кетті.

Бакуде өрт салдарынан   50   дүкен    жанып кетті

Өрт сөндірушілер дүйсенбі күні кешке «8-ші шақырым» базарынан шыққан жалынмен бір жарым сағат бойы алысты, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Ресми құрылым өкілдері өрттің шығу себебі туралы әзірге ештеңе айтқан жоқ. Полиция қызметкерлерінің алдын ала пайымдаулары бойынша, өрт тоқыма өнімдері сатылатын дүкендердің біріндегі электр желісінің қысқаша тұйықталуының салдарынан орын алуы мүмкін. Ал базар қызметшілері, өртке сөндірілмей қалған темекі тұқылының себеп болғанын айтуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.