Бакуде сайлаушылар 100% дауыс берді

БАКУ. ҚазАқпарат - Баку уақытымен 20:00-ге қарай Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің жанындағы №262 сайлау учаскесінде дауыс берген сайлаушылардың үлесі 100 пайыз болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Бакуде сайлаушылар 100% дауыс берді

Сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, Қазақстан азаматтары учаске ашылысымен-ақ келе бастаған.

Алғашқылардың қатарында Бакуде тұрған спортшылар дауыс беруге келді.

Бұдан тыс, осы елде қызмет бабымен, жеке шаруаларымен жүрген ҚР азаматтары, туристер, бизнесмендер де дауыс берді.

Әзербайжанның Қазақстан азаматтары үшін танымал туристік бағдарлардың бірі болғанын ескере отырып, ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР және ӘР арасындағы тұрақты әуе рейстерінде барлық қажетті ақпараттар жарияланды.

Бұдан тыс, сайлау учаскесінде халықаралық байқаушылар да жұмыс істеді.