Бакуде тұңғыш рет өтетін Еуропа ойындарына дайындық қызып жатыр
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Еуропалық олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бакуге жасаған сапарын аяқтады.
Әзірбайжан астанасының Еуропа ойындарын өткізуге дайындық барысына инспекторлардың көңілі толды. Арнайы комиссия мүшелері олимпиада ауылы, медиа-қалашық, спорттық және көліктік нысандар құрылысының қарқынын жоғары бағалады.
Тарихтағы алғашқы Еуропа ойындары 2015 жылы 12-28 маусым күндері өтеді. Жарысқа 49 елден 6 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.