Бакуде ТүркПА хатшылығының әкімшілік кеңсесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы - Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Іс басындағы төрағасы Нұрлан Нығматулин 10 қарашада ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асановты қабылдады, деп хабарлайды халықаралық ұйымның баспасөз қызметі.
ТүркПА Іс басындағы төрағасы Ассамблея қызметінің ауқымын одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Әңгіме барысында Баку қаласында желтоқсанның 22-сіне жоспарланып отырған ТүркПА хатшылығының жаңа әкімшілік кеңсесінің ашылу рәсіміне дайындықтар барысы да сөз болды.