Бакуде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын атап өтті

БАКУ. ҚазАқпарат - Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған шара өтті.
None
None

Осы шара аясында БМУ-ға барған Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Гүлден Тонашанова «Абай Құнанбаев шығармашылығындағы жол поэтикасы» тақырыбындағы еңбегінің тұсаукесерін өткізді. БМУ түркі әдебиеті кафедрасының профессоры Фируза Агаева қазақ әдебиетінің дамуындағы Абай Құнанбаевтың рөлі жөніндегі баяндама жасады.

Сонымен қатар, Г.Тонашанова «Түрік халқының әдебиеті» курсы аясында қазақ әдебиетін меңгеріп жатқан БМУ филология факультетінің 3 курс студенттеріне Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жөніндегі дәріс оқып, БМУ жанындағы Абай Құнанбаев атындағы қазақ мәдениеті орталығында болды.

Соңғы жаңалықтар