10:16, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Бакуде жаңа сауда айлағының құрылысы жоспарлануда
БАКУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанның Көлік министрлігінің хабарлауынша, жақында осы ведомствода Бакуге жақын жерде халықаралық деңгейдегі теңіздегі жаңа сауда айлағының құрылыс жобасын жүзеге асыру жөніндегі техника-экономикалық негіздемесі талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, келіссөз барысында министрлік басшылығы Алят кентіндегі жаңа сауда айлағын жобалау жөніндегі мердігер-компания ? голландиялық «Royal Haskoning Group» фирмасының өкілдеріне - жобалау және құрылыс жұмыстарына әзірбайжандық мамандарды тарту туралы кеңес берді. Бұл жобаны әзірбайжан тарабы сәуір-мамыр айларында Лондонда өтетін ТРАСЕКА көлік дәлізі бойынша инвестициялық форумға шығаруды жоспарлап отыр. Алдын-ала бағалау бойынша, құрылысы 400 миллионнан астам АҚШ долларына бағаланып отырған Аляттағы жаңа айлақтың құрылысы үш кезеңмен жүргізіліп, 2016 жылға қарай аяқталады.