Бакудегі сайлау учаскесінде сайлаушылардың 100% дауыс берді

БАКУ. ҚазАқпарат - Бакудегі ҚР Елшілігінде орналасқан №212 сайлау учаскесіне келген жалпы сайлаушылардың үлесі жергілікті уақытпен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 100%-ға жетті.

Бакудегі сайлау учаскесінде сайлаушылардың 100% дауыс берді

Бұл туралы №212 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрбек Алмашов хабарлады.

«Қазір сайлау учаскесі жабылды. Дауыстарды санауға кірісеміз. Елшіліктің консулдық есебінде тұрған Қазақстан азаматтарының және осы елге келген туристердің белсенділігінің арқасында Бакудегі ҚР Елшілігінде орналасқан №212 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің саны 100%-ға жетті»,- деді Н. Алмашов.