Бакудегі шаң нормадан 4 есе асып кетті
БАКУ. ҚазАқпарат - Баку қаласы Абшерон жарты аралындағы ауада шаң санитарлық нормадан төрт есе асып кетті, деп хабарлайды Trend агенттігі Әзербайжан экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның атап өтуінше, шаң Әзербайжанға Түрікменстаннан ауа ағынымен бірге ілесіп келген.
Атап өткен жөн, ауадағы шаңның көп болуы 27 шілдеге дейін созылмақ.