Бакудегі жарылыс неден болуы мүмкін - Әзербайжанның ТЖМ өкілдері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Бакудің орталығындағы ғимаратта болған оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды trend.az.
Министрліктің хабарламасына қарағанда, ғимаратттың жертөлесінде жарылыс болып, соның салдарынан өрт шыққан.
«Жарылыстың салдарынан ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан кеңсе тауарлары дүкенінде (500 шаршы метр аумақта) сөрелер мен арнайы орнатылған құрылғылар құлап, терезе мен есіктердің жақтаулары ұшып кеткен. Ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында және жақын арадағы үйлердің кейбірінің терезелерінің әйнектері сынған. Жарылыстың күшімен 100-150 метр қашықтыққа шашылған кеңсе тауарлары ішінара жанып кеткен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалын ғимаратты толық шарпымай тұрып өртті сөндіріп үлгерді»,-делінген хабарламада.
Министрліктегілер жарылыс алдын ала болжам бойынша газ жүйесіндегі ақаудың салдарынан пайда болған. Жаралыстың салдарынан 1961 жылы туған дүкен қызметкері Маухмудов Захид Шукур оглу денесін күйдіріп, жарақаттанған. Қазіргі таңда тиісті құрылымдар оқиғағ орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.