Бақыт Сұлтанов Астанада салынып жатқан ірі құрылыс алаңдарын аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаланы аралау барысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларын, құрама темірбетон арқалықтар шығаратын полигон, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірді көріп, сондай-ақ Мыңжылдықтар аллеясының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов Астанада салынып жатқан ірі құрылыс алаңдарын аралады

Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысының орындалып жатқанын тексеріп шықты. Аралау барысында Б. Сұлтанов салынып жатқан LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларында болды. Қазіргі таңда құрылысшылар инженерлік желілер мен желі қадалары мен арқалықтарын дайындауда. Жобаны іске асыру барысы туралы Астана қаласының әкіміне «LRT құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Адильша Ермұханов баяндады.



Жоспарға сәйкес, ЛРТ әуежай мен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады. Эстакаданың ұзақтығы 22,4 км, қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады.

Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі жобасы 2017 жылы мамыр айында қытай компаниялары кәсіпорындарының консорциумы күшімен басталған.

Қазіргі таңда жылу желілерінің 98% дайын (қайта құрылды) (2,2 км), су құбыры 89% (3,2 км), шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлік кәріздің 65% (6,2 км), электрмен жабдықтау желілері 90%-ға (100,3 км), байланыс 97% (165 км) атқарылған. Осы жылы жұмыстар толық аяқталады. Құрылыс нысанының желілерінде шамамен екі жарым мың жұмысшы және 155 бірлік ауыр техника жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигонды, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірге барды.

Нысан аралау қорытындысы бойынша дирекция кеңсесінде көшпелі отырыс өткізіліп, онда Астана әкімі «ЛРТ құрылысы жобасын көрсетілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді» тапсырды. Сондай-ақ, Б. Сұлтановқа Мыңжылдықтар аллеясының (Алматы ауданы) құрылысы бойынша нақты жоспарларды таныстырды.