Бақыт Сұлтанов Гонконгте өтетін Азия қаржы форумына шақырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚХР Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Қаржы мәселелері бойынша хатшысы Джон Цангпен кездесті.

Бақыт Сұлтанов Гонконгте өтетін Азия қаржы форумына шақырылды

ҚХР Гонконг АӘА Қаржы мәселелері бойынша хатшысы Джон Цанг Қазақстан мен Гонконг арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында алғаш рет Қазақстанға келіп отыр.

«Тараптар кездесу барысында екі елдің кең мәселелер кешеніне деген  жан-жақты көзқарастарын талқылады. ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың айтуынша, бүгінгі күні инвестициялар тарту мен АХҚО дамуына үлкен ден қойылуда. Өз кезегінде, Дж. Цанг осы бағыттарда көмек көрсетуге және Гонконгтың тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді», деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу соңында Джон Цанг ҚР Қаржы министрін қаржылық ұйымдардың қызметімен танысу және 2017 жылдың қаңтар айында өтетін жыл сайынғы Азия қаржы форумына қатысу мақсатында Гонконгке келуге шақырды.