Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қызметкерлер алған сыйлықтарды қайда тапсыру керектігін айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қызметкерлер алған сыйлықтарды қайда тапсыру керектігін айтып берді.

Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қызметкерлер алған сыйлықтарды қайда тапсыру керектігін айтып берді

«Биылдан бастап, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң күшіне енді. Бүгінде заңнама бойынша және этикалық нормаларға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерде сыйлықтар алуға құқығы жоқ. Алайда, объективті себептер бар, яғни ресми кездесулерде түрлі халықаралық сәлемдемелер немесе өзара сыйлықтар табысталады. Бұндай сыйлықтарды әрбір мемлекеттік қызметкер мемлекет иелігіне тапсыруы тиіс», - деді министр.
Белгілі болғандай, сыйлықтар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесіне тапсырылуы керек.
Б. Сұлтановтың сөзіне қарағанда, 2015 жылдың 28 желтоқсанында Үкімет тиісті ережелерді қабылдады.
«Бүгінде тиісті статистика бар. Өткен жылдың соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Қытайда өндірілген телефон тапсырылды. Осы телефонды біздің ереже бойынша аталған министрлікке қайта сатып алуды ұсындық. Алайда, олардан жауап болмады, сондықтан да бұл телефон саудаға шығарылады»,-деді ҚР Қаржы министрі.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлерден тапсырылған сыйлықтар сатылатын арнайы сайт (gosreestr.kz) бар.