Бақыт Сұлтанов пен Алик Шпекбаев «Цифрлық қызметтер көрсету орталығы» жұмысымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда əкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев «Цифрлық қызметтер көрсету орталығы» жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық қызмет көрсету орталығы» азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» қызметтерін азаматтарға көрсету үшін бірегей секторы болып табылады.

Сектор - қазіргі заманғы жоғары технологиялармен жабдықталған.

Қонақтарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ төрағасы Оспанов Абылайхан қарсы алып, Цифрлық ХҚКО-ның жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Өткен жылы «Астана - адалдық алаңы» жобасының бастамасы бойынша 2400-ге жуық мемлекеттік қызметшілер цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша «Цифрлық қызмет көрсету орталығынан» өткен.
null null

Соңғы жаңалықтар