Бақыт Сұлтанов Президент сынына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов «Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосудың не себепті кешіктірілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік өнімдерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігінің іс жүзіндегі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген еді.

«Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуға қатысты шынында да, бұл жобаны жүзеге асыру бірқатар субъективті және объективті себептерге байланысты кешіктірілді. Атап айтқанда, бюджетке жүктемені төмендету мақсатында қаңтар-ақпанда қаржыландыру шарттары өзгерген жобаны мемлекеттік жекешелік әріптестік шарты шеңберінде мемлекет міндеттемесінің деңгейін қайта қарауды талап етті», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Б. Сұлтановтың айтуынша, қаржыландыру құралдарын қайта қарау және оған жаңа инвесторларды тарту бойынша консорциуммен келіссөздер жүргізілді.

«Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, біз ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау жұмыстарын бастадық. Қазір біз мүдделі инвесторларды тарта отырып, көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийлерін қарастырып жатырмыз. Осыған байланысты, белгіленген мерзімде яғни биылғы қазан айына дейін тиісті тәсілдер Мемлекет басшысына баяндалады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетсек, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.



Соңғы жаңалықтар