Бақыт Сұлтанов жантүршігерлік көлік апаты болған жерге барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақыт Сұлтанов жантүршігерлік көлік апаты болған жерге барды

Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның атап өтуінше, елорда әкімі Б. Сұлтанов Қабанбай батыр даңғылындағы ірі жол-көлік оқиғасы орын алған жерге шұғыл түрде барды.

Көлік апаты сағат 9:14 кезінде болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.

26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

null