Бақытбек Есентаев 22 жыл бойы көлік пен үйлерін казиноға ұттырып келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева қазақстандық журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында Бақытбек Есентаевтің казинодағы төбелесі түсірілген видео туралы пікірімен бөлісті.
Ол кезде Б.Есентаева жыл басында жарияланған бұл бейнероликке еш түсінік бермей, ондағы ер кісі оның жары емес екендігін хабарлаған болатын.
«Маған не істеу керек еді сол кезде. Мен бұл казиномен 22 жыл тұрып келдім. Осы жылдар ішінде мен бұл ұтыстар мен ұтылыстарға етім үйренгені соншалық. Казинода не ұтылмады десеңізші, бума-бума ақша кетті. Мен оған барынша абай болуын сұрадым. Мен бұл оның жұмысы, оның бұдан басқа қолынан іс келмейтінін, ол кәсіпқой ойыншы екенін білдім. Мен ешқашан ойнаған емеспін, маған ол тіпті жат нәрсе болатын, мен көрмеуге тырысып, бұл шынайы өміріме еш қатысы жоқ деп санауды жөн көрдім. Қаншама жас төгілді осы жылдары, қаншама көлік, үй казинода ұтылды. Оны айтқым да келмейді қазір. Бұл ролик менің жеке депрессияда болған кезімде шықты. Телеарна басшыларына хабарласып, бұл роликті жарияламауларын сұрадым. Мен 20 жыл ішінде қоңырау шала алатыным, мені сыйлатындықтары қайта жақсы болған», - деді ол.
«Үйде мен жанжал шығарған жоқпын. Мұның бәрі ертелі кеш жария болатынын білдім. Ащы шындық осы, осындай адаммен тұратынымды ұқтым. Мен бұны кезекті сабақ деп қабылдадым. Бұл менің таңдауым, мен сол кісімен тұрдым. Мен оны сыйладым, тіпті оның ісін де сыйладым», - деп атап өтті Б.Есентаева.
Оның айтуынша, отбасыда түрлі жағдайлар болды, дегенмен олар ақшасыз қалған кездер болған емес.
Сонымен қатар ол 10 маусымда орын алған зорлық-зомбылық әлі күнге дейін оның есінен кетпейтіндігін айтты. Күн сайын ол осы оқиғамен ұйықтап, осы оқиғамен оянады. «Ол мені бір минутке де, бір секундке де қалдырмайды», - деді Баян Есентаева.