20:20, 07 Маусым 2017 | GMT +5
«Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының үздіктеріне дауыс беру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Smaile Astana» жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілген «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Енді қазақстандықтар ақтық сынға шыққан 5 жеңімпаздың арасынан ең үздігін таңдауы тиіс. Жалпы байқауда 800 қатысушы бақ сынады. Бағалау қорытындысы бойынша әрі ашық дауыс беру арқылы комисси яyergalieva_aigerim (Instagram), mikatumen (Instagram), guzya_kaldybekova (Instagram), zhanar_notes (Instagram) әлеуметтік желі қолданушыларының еңбектерін үздік деп таныды.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының ең үздік суретіне дауыс беруге шақырамыз. Ұнаған жұмысқа төмендегі сілтеме арқылы дауыс бере аласыз»,-делінген хабарламада.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfU2WOJur7O6tysjJNNSFTEMh9eYLNrldK7x6TSuM8OVDWP_w/viewform?fbzx=5698064813708069000»