Бақытты болу үшін Президент болу міндетті емес - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақытты болу үшін Президент болу міндетті емес. Бүгін Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата-аналар сен оқуға тиіссің, сонда президент боласың деп айтады. Президент болғанына менің қарсылығым жоқ. Бірақ, ол баланың басында қалып қояды. Содан кейін ол орындалмағаннан кейін қиналады. Бақытты болу үшін міндетті түрде президент болу қажет емес. Мүмкін тіпті керісінше болуы мүмкін. Бір қалжың айтып берейін. Бір кезде біз Ельцинге: «Борис Николаевич, немереңіз президент болғысы келеді», деп айтқан едік. Ал ол «Ресейге екі президенттің қажеті қанша?» дейді.  Ең бастысы - адам тәрбиелеу, білім, жақсы мамандық алу. Жақсы білімді сенен ешкім тартып ала алмайды. Сонда сен өмірде жетістікке жетесің», - деді Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы елімізде жастарға сапалы білім беруге айрықша мән беріліп келе жатқандығын баса айтты.

«Тек осы жылдардың ішінде ғана шамамен 1500 жаңа мектеп салынды, жөндеп жатырмыз. Бұл мектептер бұрынғыдай емес. Олар мүлдем заманауи, зияткерлік мектептер. Онда республикалық дүниежүзілік байқаулардың жеңімпаздары, үздік оқушылар қабылданады. Солардан үміт күту керек. Әрине, бастапқы сараптама барлық адамның мүмкіншілігі бірдей еместігін көрсетті. Адамдардың барлығы бірдей өз мүмкіншіліктерімен университет аяқтай алмайды», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар
telegram