01:59, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
Бақытты болудың құпиялары мәлім болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гарвард университетінің ғалымдары адамды не бақытты ететіндігі анықтау үшін 75 жыл бойы зерттеу жүргізген.
Зерттеу барысында мамандар адамдардың психикалық және физикалық денсаулығын, қаражат мүмкіндігін назарда ұстады. Нәтижесінде ғалымдар бірнеше қорытынды шығарды. Алдымен, адам бақытты болу үшін алколгольді ішімдіктен бас тартқан жөн.
Ал, екіншіден, бақытты болу IQ-ға да қатысты екен. Әсіресе ер адамдар үшін бұл маңызды болып келеді. Ғалымдардың пайымынша, диапазоны 100-150 IQ болып келетін ер адамдар коэффициенті 150-ден асатын ерлерге қарағанда қаражатты аз табатын көрінеді.
Үшіншіден, бақытты адам айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болады. Мамандардың айтуына қарағанда, көбінесе әкесімен арасы жақсы болатын адамдар ашуға көп бой алдыра бермейтін көрінеді және өмірдің рахатын сезіне алады, деп жазады шетелдік БАҚ.