«Бақытты отбасы»: Қазақстанда Отбасы күніне арналған шаралар өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отанның» «Бақытты отбасы» партиялық жобасының аясында бүкіл республика бойынша Отбасы күнін мерекелеуге арналған шаралар өтіп жатыр.

«Бақытты отбасы»: Қазақстанда Отбасы күніне арналған шаралар өтіп жатыр

17 қыркүйек күні Алматы қаласында «Отбасы - ең бағалы капитал» тақырыбындағы кездесу болып өтеді. Оған әйелдердің республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері, партияның аймақтық филиалының басшылығы, партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, «Әйелдерді қолдау» сарапшылар тобының мүшелері, «Партияның 50 тұлғасы» жобасының қатысушылары, ЖОО-ның ректорлары, студенттер қатысады. Атап өтейік, аталған шараға бейнеконференция арқылы сондай-ақ елдің басқа аймақтарындағы студенттік жастар қатысады.

11-19 қыркүйек күндері Алматы қаласында бастапқы партиялық ұйымдардың мүшелері отбасы құрғандарының алтын тойларын атап өтетін ерлі-зайыптыларды құттықтайды. Ал 12 қыркүйекте «Family Park»-та «Қосжүректің лүпілі» концерттік бағдарламасы өтеді.

25 қыркүйекте Ақмола облысында «№2 Ақкөл сайлау округі» БПҰ-ның қолдауымен полицияда қызмет ететін әулеттер және отбасылық жұптармен кездесу өтеді.

Павлодар қаласының Мәдениет және демалыс Орталық саябағында 13 қыркүйек күні ЭМҰ-ның «Бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалінің соңғы концерті болып өтеді. Шараға «№6 сайлау округі» БПҰ қатысады.

Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалында 21 қыркүйек күні еңбек ұжымдарындағы жас отбасылар үшін «Өнегелі отбасы» тақырыбындағы семинар-тренинг болып өтеді. 11 қыркүйекте Шыңғырлау аудандық филиалында көпбалалы отбасылардың арасында «Үздік отбасы» байқауы өтті.